10 тамыз 2021 | 14:41

Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек", - деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Айта кетейік, 10 тамызда Қазақстанда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев күні атап өтіледі. Жаңа мереке 2020 жылы бекітілген болатын. Ол кезде қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы атап өтілді. 5 тамызда бұл күн ресми мерекелер тізіміне енгізілді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная