ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2020 | 13:37
Әбден құшақтасатын шығармыз - Мұхтар Жәкішевтің қызы әкесінің босатылуы туралы
Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Жәкішева "31 арнаға" берген сұхбатында әкесінің бостандыққа шығатынына сенбегеін айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Жәкішева "31 арнаға" берген сұхбатында әкесінің бостандыққа шығатынына сенбегеін айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Әйгерім Лондонда. Ол әкесін екі аптадан соң құшақтай алатынына сене алмай отырғанын айтады.
"Үкім оқылған кезде бізде сағат таңғы алты болған еді. Маған келген хаттар мен қоңыраулардан телефоным жарылуға жақын қалды. Сондықтан сүйінші жаңалықты нақты кімнен естігенім есімде жоқ. Көп адамдардан білдім....
Бүгін шешім шығып, әкемді босатады дегенде бірден сене қоймадық. Шынымен осы қуанышты жағдайдың болып жатқанына сене алмай жатырмыз. Сен бұған сенуге қорқасың. Өйткені қазір қатты қуансам, бәлкім бірдеңе болып, оны бостандыққа шығармай қоя ма деп алаңдайсың.
Сондықтан әлбетте, мен де, менің отбасым да өте қуаныштымыз. Бірақ соның өзінде сене алмаймыз, қорқыныш та бар, таңырқау да жоқ емес. Барлығы болған оқиғаны ой елегінен өткізіп жатыр. Біз 15 күн бойы ештеңе өзгермеуін сұрап, дұға жасаймыз. Еш кедергісіз келіп, әкемізді алып кеткіміз келеді. Кімінің арқасында бостандыққа шығатынын айту қиын. Бұл сұраққа ешкім нақты жауап бере алмайды. Менің ойымша, бәрінің де үлесі бар. Шынымды айтсам, әкемді алғаш көргенде не деп айтарымды да білмеймін", - деді Жәкішевтің қызы.
Еске салайық, кеше ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарғаны хабарланған еді. Ал кейінірек Мұхтар Жәкішев бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды.
Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также