Әбдіқалықова: ЕАЭО - әлемнің барлық елдері үшін ашық одақ

© El.kz

Еуразиялы? экономикалы? ода? - ?лемні? барлы? елдері ?шін ашы? ода?, деді ?Р Мемлекеттік хатшысы Г?лшара ?бді?алы?ова Л.Н. Гумилев атында?ы Е?У-де ?ткен "?аза?стан Республикасы ж?не еуразиялы? ке?істік: ?азіргі заман ж?не даму болаша?ы" атты халы?аралы? ?ылыми-практикалы? конференция барысында.

Еуразиялық экономикалық одақ - әлемнің барлық елдері үшін ашық одақ, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен "Қазақстан Республикасы және еуразиялық кеңістік: қазіргі заман және даму болашағы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.

"Еуразиялық экономикалық одақ - ынтымақтастық, жасампаздық және әл-ауқат рухын ұстанатын әлемнің барлық елдері үшін ашық. ЕАЭО аумағында 180 млн. астам адам тұрады, ЖІӨ көлемі 1,5 трлн доллардан арты", - деді Г. Әбдіқалықова, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ашу барысында.

Мемлекеттік хатшы өз баяндамасында Қазақстанның мемлекеттік құрылыстың жаңа сапалы деңгейіне шыққанын атап өтті, оның құрылымы Мемлекет басшысының бастамасымен шыққан бес институционалдық реформамен айқындалған. Г. Әбдіқалықованың айтуы бойынша, еуразиялылық идеясы заманауи геосаяси және геоэкономикалық бағыттың теориясы мен практикасына байып, жаңа тынысқа ие болды.  

Реклама
Реклама

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету жылында өткізіліп жатқан конференция еуразиялық ықпалдасудың дамуына өз үлесін қосып, оны жаңа идеялармен және әзірлемелермен толтыратынына сенім білдірді.

Конференция жұмысына парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, қазақстандық және шетелдік университеттердің ректорлары қатысты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама