ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2020 | 16:44
Әбдіқалықова: Сақтық шараларына бағыну - тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз
Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен брифингте өңірде коронавирус пандемиясымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын, аймақтың экономикалық ахуалы қандай екені айтылды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен брифингте өңірде коронавирус пандемиясымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын, аймақтың экономикалық ахуалы қандай екені айтылды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Эпидемиологиялық маусым басталғанда облыста барлығы 976 төсек-орын дайындалған. Оның 135-і инфекция, 241-провизор, 600-карантиндік орын. Бүгінгі күні олардың саны 2405-ке артқан.
Үйдегі стационар қағидасы бойынша облыс көлемінде 161 мобилдік топ жұмыс жасап жатыр.
"Қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек-орын резервіміз бар. Оның ішінде инфекциялық 200 және провизорлық 300 орын әзірленді. Облыста 6 компьютерлік томограф қызмет көрсетеді. Оның төртеуі облыс орталығында, екеуі ауданда орналасқан. Қосымша аппарат алуға демеушілерді тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Короновирус індетіне қарсы күресте 6 ПТР аппараты жұмыс жасап жатыр. Тәулігіне 750 сынама алуға қол жеткізілді. Эпидемиологиялық маусым басталғалы барлығы 65 230 сынама алынған.
Бірінші тамызға дейін тағы 3 ПТР (ветеринарлық қызметінің екі және "СПИДке қарсы күрес орталығының", "Олимп" медицина орталығының) аппараттары іске қосылады.
Сонымен қатар, аймақ бойынша 9 ПТР аппараты халыққа қызмет жасап, анализдер саны тәулігіне 1500-ге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Өңірде 52 рентген аппаратының 20-сы облыс орталығындағы, 32-сі аудандардағы медицина мекемелеріне қызмет көрсетеді. 109 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) бар. Денсаулық сақтау министрлігіне 192 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына тапсырыс берілді.
Сондай-ақ, 153 оттегі концентраторы бар. Кеше қосымша өңірімізге "Шұғыла" қоғамдық қоры тарапынан 200 дана оттегі аппараты жеткізілді.
Құзырлы органдармен жүргізілген мониторинг барысында дәрілік заттарды заңсыз сатудың - 50 дерегі анықталса, санитариялық және карантиндік талаптарды бұзған (жеке тұлға) 62 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
COVID-19 инфекциясына қарсы күрес шараларына тартылған 2407 медицина қызметкеріне қаржылай қолдау мақсатында пандемия кезеңінде 4 айда 1 миллиард 117,6 миллион теңге төленді.
Облыстың барлық емдеу мекемесі бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, бекітілген қажетті 26 түрлі дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты.
"СК Фармациядан" келетін барлық дәрі-дәрмектің 100 пайызы келді. Ал дәріханаларда 1 айға жетерлік дәрі қоры қалыптасты. Бүгінгі күні сұраныстағы дәрілердің 100% сатылымда бар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также