Әбибуллаевты СІМ жүйесінде қалдыруды жоспарлап отырмыз - Әбдірахманов

?айрат ?бдірахманов Алтай ?бибуллаевты ?Р Сырт?ы істер министрлігі ж?йесінде ?ызметте ?алдыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайрат Әбдірахманов Алтай Әбибуллаевты ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызметте қалдыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оның тәжірибесі мен соңғы 20 жылда сыртқы саяси ведомствомызға қосқан үлесін есепке ала отырып, оны Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызметте қалдыруды жоспарлап отырмыз. Заңнамамызға сәйкес, Алтай Әбибуллаевты жұмысқа тұрғызуда ешқандай кедергі жоқ", - деп хабарлады министр Әбдірахманов.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаевтың шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттену түрінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны белгілі болған еді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Реклама
Реклама

2017 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама