"Әбу-Даби плаза" құрылысында төтенше жағдай: Мұнаралы кран қисайып қалған

Астанада "?бу-Даби плаза" ??рылысында м?наралы кран ?исайып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті ?Р ІІМ Т?тенше жа?дайлар комитетіні? ресми ?кілі Руслан Иман??лов растады.

Астанада "Әбу-Даби плаза" құрылысында мұнаралы кран қисайып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

"Салынып жатқан "Әбу-Даби плаза" тұрғын үй кешенінің мұнаралы краны қисайып қалды", - деп хабарлады Иманқұлов.

Реклама
Реклама


© ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайдың 26 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 5-те болғаны айтылады. Руслан Иманқұловтың айтуынша, осы құрылыс жұмыстарына жауапты барлық бөлімшенің жұмысшылары оқиға орнына барды.

"Әзірше құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің көмекгі керек емес, бірақ біздің бөлімшедегілердің барлығы кез келген жағдайға дайын және қажет болса жұмысқа тартылады. Құрылыс ұйымдары кранның осы бөлігін қайта жөндеумен айналысуы керек", - деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

Сондай-ақ, Желіде де төтенше жағдайдың суреттері жарияланып жатыр.


© skyscrapercity.com

Айта кетейік, "Әбу-Даби Плаза" құрылысы 2010 жылы қарашада басталған болатын. Ал 2016 жылы құрылыс кешенінен өрт шыққан еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама