11 тамыз 2022 16:19

"Әбу-Даби Плазадағы" Qazaqstan жазуы неге өшіріліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда "Әбу-Даби Плаза" көпфункционал кешені ғимаратындағы Qazaqstan жазуы өшіріліп жатыр. Компания әкімшілігі себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда "Әбу-Даби Плаза" көпфункционал кешені ғимаратындағы Qazaqstan жазуы өшіріліп жатыр. Компания әкімшілігі себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір жазуды ғимараттың оңтүстік жағынан өшіруге кіріскенін көруге болады.

Реклама
Реклама

Суреттер: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

"Qazaqstan жапсырмасы бір жыл бұрын жапсырылған, қазір материал жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты жапсырманы демонтаждап жатырмыз. Мұндай көлемдегі жапсырмаларға бірнеше күн кетеді (сондай-ақ мұндай материалдарды орнату да бірнеше күнді алады)", - деді "Әбу-Даби Плаза" PR бөлімі өкілдері.

Qazaqstan жапсырмасы Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимаратта 2021 жылдың маусымында пайда болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram