21 қыркүйек 2024 | 14:38

Абылай Мырзахметовтің ісі: мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

Жалпы, жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Еске салайық, биыл 13 мамырда Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная