21 желтоқсан 2023 | 15:11

Адам өлтірген күдіктілер жер астында жасырынып жүрген

видео кадры

Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері биыл қазанда танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстаған.

Реклама
Реклама

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тасжолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная