20 қараша 2019 09:22

Адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігер жайлы не белгілі?

Абылай Донбай. © bsmp-uko.kz

Шымкентте адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайға қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайға қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қарашада ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері № 1 қалалық клиниканың бас дәрігерін ұстаған болатын. Тергеу барысында Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды.

Реклама
Реклама

Клиниканың сайтында доктор жайлы мына мәліметтер жарияланған:

Абылай Донбай Әбдужаппарұлы 1982 жылы 27 шілдеде Төле би ауданы Леңгір қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Бірінші дәрежелі хирург, трансплантолог. Еңбек өтілі - 10 жыл, басшылық қызметтерде жүргеніне 6 жыл болған.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік академиясын "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қазақ гуманитарлық және құқық университетінде магистратураны аяқтаған.

2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында интернатурадан өткен. Түрлі жылдары тәжірибеден өткен. 

2017 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкенттегі  № 1 қалалық клиникалық ауруханаға хирург болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдың 13 наурызынан осы күнге дейін аурухананың бас дәрігері қызметінде болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram