25 қаңтар 2019 | 11:39

"Адам салынған сөмке". Әуежайда пранк жасамақ болған алматылық қамауға алынды

Видеодан алынған кадр

Сот Алматы әуежайында сөмкенің ішіне адам алып өтпекші болған пранкерлерге қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот Алматы әуежайында сөмкенің ішіне адам алып өтпекші болған пранкерлерге қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, пранкерлердің бірі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") айыпты деп танылып, үш тәулікке қамауға алынды. Қамау мерзімі 24 қаңтардан басталды.

Реклама
Реклама

Қалған екеуіне қатысты ереже бұзушылық құрамы болмағандықтан, қозғалған іс тоқтатылды.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әуежайында пранкерлердің ұсталғаны хабарланған болатын. Оқиға 23 қаңтарда болған. Пранкерлердің арасында, әуежай өкілдерінің мәліметінше, 2018 жылы жолдың қарсы бағытымен көлік жүргізіп "танылған" Назар Роллан да болған. Сондай-ақ, осы әзіл үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша 20 АЕК (50 500 теңге) немесе 20 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылғаны айтылған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная