ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 12:34
"Адамдар автобуста қатты қысылады". Алматы әкімдігі Желіде тараған видеоға түсінік берді
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданындағы автобуста түсірілген видео пайда болды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданындағы автобуста түсірілген видео пайда болды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-да жарияланды. Кадрларда іші адамға толы автобус көрсетілген. Тұрғындар бір-біріне, терезелер мен есіктерге қысылып тұр.
"Қарасай ауданы, Райымбек ауылында 212 бағытындағы шағын автобус қатынайды. Яғни, бұл адамдар Алматыға оқуға, жұмысқа баратын жалғыз көлік.
Бұл шағын автобус шамамен 16 орынға арналған, бірақ іс жүзінде адамдар көбірек мінеді және аудан дамып, қоныстанған сайын олардың саны артып келеді. Күн сайын таңертең де, кешке де адамдар автобуста қатты қысылады, қалаға жету тез емес, басқа көлік жоқ, бір автобусты өткізіп жіберіп, екіншісінің келгенін күту керек, өйткені автобустағы адамдар бір-бірінің басына шығайын деп тұрады. Ал келесі автобусты кем дегенде 15-30 минут күту керек. Өздеріңіз түсінгендей, пандемия кезінде мұнда қауіпсіздік туралы әңгіме жоқ", - деп жазды жарияланым авторы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от KrisP Almaty|21+?? (@almaty_kris_p) 30 Сен 2020 в 11:48 PDT
Қарасай ауданының әкімдігі бұл бағыттағы шағын автобустар Алматы мобильділік басқармасының ведомствосына қарайтынын хабарлады.
Қала әкімдігі жағдайға түсінік берді. Ведомство мәліметінше, адамдардың қысылуы мен автобустарды ұзақ күтуі Райымбек даңғылындағы кептеліске байланысты.
"Бұл бағытта 13 бірлік жылжымалы құрам жүреді. Бүгінгі таңда жылжымалы құрамды ауыстыру мүмкін емес, бұл бос автобустар болмағандықтан және коронавирус пандемиясына байланысты оларды жеткізу кешігетіндіктен. Автобустарды жаңарту және ұлғайту мәселесі жаңа жылжымалы бірліктердің келуіне қарай қарастырылады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также