ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2019 | 17:57
Адамдар көбіне жазда жоғалады - Статистика
"Үйден шығып қайта оралмады", - бұл адам із-түссіз жоғалып кеткен жағдайда әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы жазылатын бірінші сөз. Жоғалып кеткендер арасында тек үйінен қашып кететітін жастар ғана емес ересектер де із-түссіз жоғалып жатады. Екі аптадан бері Рудный қаласында 28 жастағы Дмитрий Плескань есімді жігіт іздестіріліп жаты. Адамдар неге жоғалады және мұндай жағдайда не істеу керектігі туралы "Алау" басылымы хабарлайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Үйден шығып қайта оралмады", - бұл адам із-түссіз жоғалып кеткен жағдайда әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы жазылатын бірінші сөз. Жоғалып кеткендер арасында тек үйінен қашып кететітін жастар ғана емес ересектер де із-түссіз жоғалып жатады. Екі аптадан бері Рудный қаласында 28 жастағы Дмитрий Плескань есімді жігіт іздестіріліп жаты. Адамдар неге жоғалады және мұндай жағдайда не істеу керектігі туралы "Алау" басылымы хабарлайды.
3 маусымда Дмитрий Плескань үйінен шығып қайта оралмаған. Жоғалған жігіттің анасы Наталья Плескань ұлының Мәскеуден таяуда оралғанын айтады.
"Полиция қызметкерлеріне бірден хабарланған жоқ, Мен тек 8 маусымда ғана арыз жаздым, себебі ұлым қайтып оралады деп үміттендім. Ол мүлдем ішпейді", - деді жігіттің анасы Наталия Плескань.
Әйелдің айтуынша, осындай жағдайға тап болғандардың көпшілігі сияқта құқық қорғау органынан бірден хабарласпаған.
"Оның ондай әдеті жоқ еді. Ізім ғайып жоқ болды. Бұлай болуы мүмкін емес, ол ондай адам емес. Біреулер оның қайда екенін білетін шығар, бір жерде жүргенін көрген адамдар бар шығар", - дейді баланың анасы.
Дмитрийді іздеу шараларына Рудный және Қостанай қаласының еріктілері де атсалысып жатыр. Еріктілер Ирина Карпенко мен Татьяна Мелехиналар уақыт дерегі барлығын шешетінін айтады. Адам жоғалды деген күдік пайда болған уақытта, дереу әрекетке көшу керек.
"Адамдар неліктен екені белгісіз, бірақ дер кезінде полицияға баруға асықпайды. Ертерек қимылдасаңыз, табу мүмкіндігі де жоғары болады", - дейді "Регион 10" еріктілер тобының мүшесі Ирина Карпенко.
Олардың айтуынша, адамдардың жоғалып кетуіне көптеген себептер бар екен. Біреулер ұрысып қалып, кетіп қалады. Тағы біреулері басы ауған жаққан кетеді. Ақша табу жолында жоғалып кететіндер де баршылық. Еріктілердің айтуынша, адамдар жаз мезгілінде жиі жоғалады екен.
"Жазғы демалыста оқушылары ата-анасының қарауынсыз қалады. Бұл әрине ауыр естілгенімен, еріктілер үшін жұмыс науқаны басталады. Құдайға шүкір, әзірге бала жоғалды деген деректер болған емес", - дейді Ирина Карпенко.
Жыл басынан бері облыста 40 адам із-түссіз жоғалып кеткен, оның төртеуі әлі күнге дейін табылған жоқ. Қалғаны екі-үш күнде немесе сол күні-ақ табылып жатады.
"Із-түссіз жоғалып кететіндер маусымы бар. Көктемде-күзде психикалық ауруға шалдыққандар жиі жоғалады. Жазда да, балалар жиі жоғалады, өзенге шомылып, серуендейді, қаңғыбастыққа салынады. Егер ересектер жоғалып кетсе, онда олар бір жерде қонақта ішеді, немесе ешкімге айтпастан, ақша табуға кетіп жатады", - дейді Қостанай облысы КҚПБ аға жедел уәкілі Мұхтар Махметов.
Іздеу жарияланған адамдардың барлығының бағыттамалары ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланады.
Показать комментарии
Читайте также