ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2024 | 14:11
Адамдар мінген автобус жер астына түсіп кеткен: іздестіру жұмыстары тоқтатылды
Майқайың шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Майқайың шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнында да, астында да қуыстар бар екені анықталды. Құлау қаупі өте жоғары.
Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушылары үшін өте жоғары қауіп пен тәуекелділік тудырады.
Апатты жою басшысының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты "Майкайыңалтын" АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылатын болады. Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде. Әйтсе де, комиссияның қорытындысы әлі шыққан жоқ. Егер, комиссия құтқару жұмыстарын жалғастыру қауіпті деп есептейтін болса іздестіру шаралары түбегейлі тоқтатылады.
Еске салайық, бұған дейін Майқайыңдағы автобус трагедиясына байланысты комиссия қауіпті бағалайтыны хабаланған болатын.
Сонымен қатар, 2 ақпанда Майқайың кенішінде іздестіріліп жатқан құтқарушылардың заттары табылған еді. Оның ішінде, жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также