17 мамыр 2024 | 09:20

Әділет вице-министрі Бишімбаевты мерзімінен бұрын босату шарттарын атады

©️ ktk.kz

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Вице-министр заң бойынша, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың бас бостандығынан айыру орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын шығуына мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Ол үшін белгілі бір талаптар орындалуы керек. Егер қылмыскердің түрмедегі мінез-құлқы оң сипатта болса, онда ол жазасын өтеп жатқан мекеме шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.

Алайда, сотталушы жазасының үштен екісін өтеуі керек, оған дейін болмайды. Мұндай өтініштің нәтижесін сот шешуі керек. Бұл ретте ауыр айып тағылғандар үшін тағы бір шарт бар.

Реклама
Реклама

"Иә, бұл іс бойынша жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Бірақ бұл, біріншіден, сот шешімінің құзыреті болатынын тағы бір рет атап өткім келді. Екіншісі - осы үкім бойынша нақты күшіне енуін күтуіміз керек. Сондықтан, осы кезеңде қандай да бір пікір бере алмаймын", - деді Жақселекова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная