12 қазан 2023 | 10:59

Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Астанада өткен Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанда әрбір азаматқа мүмкіндіктер болатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада өткен Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанда әрбір азаматқа мүмкіндіктер болатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазір біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз. Білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құра бастадық. Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады.

Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса мән береміз. Біз цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасаймыз.

Инновациялық кәсіпкерлікті және креативті индустрияны дамытамыз. Жалпы, жаһандық технологиялық революция барлық елдің өркендеуіне, адамдардың дамыған және әділетті әлемде өмір сүруіне септігін тигізуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная