29 қараша 2021 | 08:50

Адвокат алматылықтарды пайызсыз несие алып беремін деп алдаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда 1992 жылы туған ер адам қала тұрғындарын пайызсыз несие алып беруге уәде беріп, алдаған. Суретті полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 1992 жылы туған ер адам қала тұрғындарын пайызсыз несие алып беруге уәде беріп, алдаған. Суретті полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң компаниясында заңгер ретінде жұмыс істейтін ол сайтты қолдана отырып, ол азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы пайызсыз несие алуға көмек көрсетуді ұсынған. Тергеу барысында ол азаматтарға, тіпті несие тарихы нашар адамдарға да интернетте пайызсыз несие рәсімдеуге көмектесе алатыны туралы жалған хабарландырулар жариялағаны анықталды. Қарыз алушылармен келіссөздер тек WhatsApp мессенджері арқылы жүргізілген. Ер адам өз қызметтері үшін төлемді электронды аударым арқылы алып отырған, содан кейін хабарландыруды жойып, ұялы телефонын өшіріп тастаған.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол қамауға алынды. Қазір үш жәбірленуші өтінішпен жүгінді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная