11 қыркүйек 2020 | 12:38

Адвокат Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Адвокат Игорь Вранчев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Игорь Вранчев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таубаевтың туыстары маған қоңырау соқты. Содан мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келдім. Таубаевпен кездестім, қасымызда жедел уәкіл мен тергеуші тұрды. Сосын біз өзіміз сөйлесуге шықтық. Ол маған іссапарға ұшып бара жатқанын, түстен кейін үйге келіп, жол жүрейін деп жатқанын айтты. Үйдің есігі ашық тұрған, баласы даланы суғарып жүрген. Сол кезде формасыз адамдар келген, әкесін сұраған. Үйге кіріп, өздерін таныстырып, Антикорға барып, кей мәселені талқылау керегін айтқан. Содан ол жиналып, сол жаққа барды. Антикорға барған кезде оған пара алды деген айып тағылғаны туралы айтқан", - деді Игорь Вранчев.

Реклама
Реклама

Адвокаттың айтуынша, күдіктіге істің мән-жайы дұрыс айтылмаған.

Сондай-ақ, Вранчев біраз уақыттан кейін істе тергеуші өзгергенін атап өтті.

"Бұған дейін жергілікті, ал одан кейін Нұр-Сұлтаннан тергеуші келді. Біз одан тағылған айыпты түсіндіруді сұрадық. Тергеуші "Ол пара алды деген күдікке ілінді" деді. Мен кімнен және қандай мөлшерде екенін сұрадым, олар маған жауап бермеді. Бізге оның нақты қандай іс бойынша күдікке ілінгені белгісіз", - дейді адвокат.

Ол Нұрлан Таубаевтың екінші айыпталушының ұсталуына қатысты істің мән-жайын білмейтінін айтты.

"Бірақ Таубаев өзінің кінәсіз екеніне сенімді. Оны ешкім пара алып жатқан жерінен ұстаған жоқ. Оған 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу" ) бойынша айып тағылды", - деді адвокат.

Еске салайық, кеше Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная