ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2019 | 11:24
Адвокат Айман Омарова Bek Air ұшағымен ұшпақ болғанын айтты
Адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова Bek Air-мен ұшуы керек болған, алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова Bek Air-мен ұшуы керек болған, алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айман Омарова Нұр-Сұлтанға ұшуы керек болған.
"Петропавлда клиенттерім болған. Алдымен астанаға барып, артынан белгіленген жерге баруым керек болған. Көмекшіме сол ұшаққа билет алсын дегенмін. Air Astana-мен емес, Bek Air арқылы ұшқым келген. Алайда соңғы сәтте клиент оның ісін тегін жүргетін болғандықтан билетті өзі сатып алатынын айтты. Сөйтіп "Алматы-Көкшетау" рейсіне билет алып, кеше ұшып кеттім. Басында қайда жүргенімді түсінбей, ашуландым. Сосын бұл жерден Петропавлға жақын екенін түсіндім. Ал таңертең мына жаңалықты естіп отырмын", - дейді Омарова.
Апатқа ұшыраған ұшақта Айман Омарова есімді адам болғаны белгілі.
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 14 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также