28 мамыр 2024 | 17:42

Адвокат Бишімбаевқа қатысты үкімге шағым түсірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, ол сотқа 28 мамырда шағымын жолдаған.

"Сағат 17:00-де мен Бишімбаевқа қатысты сот үкіміне қарсы сот кабинеті арқылы аппеляциялық шағым түсірдім", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Бишімбаевтың қорғаушысы.

Реклама
Реклама

Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, апелляцияда 20-ға жуық процессуалдық заңбұзушылықтар көрсетілген. Бишімбаевтың қорғаушысының пікірінше, сот талқылауы барысында судья тарапынан заңбұзушылқтарға жол берілген.

"Бұл, біздің ойымызша, алқабилер үкімі мен үкімнің заңсыз болуына әкелді. Бүгін тергеу изоляторында болдым, қорғауымдағы Қуандыққа шағым жобасын көрсеттім, ол келісіліп, соңғы нұсқасын сотқа жібердім", - деді Бишімбаевтың адвокаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная