Адвокат Тоқтар Төлешовтің кінәсін мойындағанын растады

© azisait.kz

То?тар Т?лешовті? адвокаты ?ткен аптада Facebook желісінде к?сіпкерді? кін?сін мойында?аны жазыл?ан ??жатты? шынайы екенін растады. Б?л туралы TOpress.kz басылымы хабарлады.

Тоқтар Төлешовтің адвокаты өткен аптада Facebook желісінде кәсіпкердің кінәсін мойындағаны жазылған құжаттың шынайы екенін растады. Бұл туралы TOpress.kz басылымы хабарлады.

Евгений Яворский өзінің басылымға берген сұхбатында әлеуметтік желілерде таралған құжатты расында да Төлешовтің өзі жазғанын мәлімдеді. "Құжат құпияланған. Оны көре алмаймын. Бірақ бұл хаттамаларды Төлешовтің өзі толтырғанын айта аламын", - деді заңгер.

Сонымен қатар, Яворский Төлешовтен ешқандай да қысым болмағанын айтты. "Ол тергеушілерге түсініктемелерді ешбір қиындықсыз берді. Маған еш шағымданған жоқ. Физикалық және психикалық қысым көрсетілген жоқ. Интернетте пайда болған құжаттардан-ақ оны кінәсін мойындағанын дәлелдейді", - деп қорытындылады сөзін адвокат.

Реклама
Реклама


Адвокат Евгений Яворский. © caravan.kz

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Facebook желісінде Тоқтар Төлешовтің кінәсін мойындаған хаттамалар мен құжаттар жарияланған болатын.


© facebook.com/aydos.sadykov

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама