ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2022 | 09:41
АЭА жұмысындағы заңбұзушылықтар үшін 24 лауазымды тұлға жазаланды
Есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмысында заңбұзушылықтарды анықтады. Аудиттен кейін 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмысында заңбұзушылықтарды анықтады. Аудиттен кейін 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аудит барысында АЭА қызметін реттейтін заңнама бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда:
- АЭА қатысушылары туралы мәліметтерді өзектендірудің тәртібі мен кезеңділігі регламенттелмеген;
- АЭА-ның 2020 жылғы қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмеген;
- құрылған АЭА-ның даму стратегиялары уақтылы келісілмеген.
Есеп комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген хабарламада.
Осылайша, міндетін тиісінше орындамағаны үшін 24 лауазымды адам жауапқа тартылды, оның ішінде: 12 лауазымды адамға "сөгіс" түрінде, 11 лауазымды адамға "ескерту" түрінде тәртіптік жаза қолданылды, 1 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды.
Сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған АЭА даму көрсеткіштерін 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу бойынша шаралар қабылдады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырманы орындауы бақылауда екені айтылды.
"Алатау" технопаркі" ЖШС-нің осы қызметтерді ұсыну практикасын ескере отырып, АЭА қатысушыларына өндірістік модульдерді жалға беру бойынша қызметтерді ұсыну мәселесін АЭА-ның барлық басқарушы компаниясы қарады.
АЭА-ның барлық 9 басқарушы компаниясы ("Астана – Технополис", "Сарыарқа", "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі", "Ақтау теңіз порты", "Қорғас" – Шығыс қақпасы", "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы", "Алатау" технопаркі" ЖШС, "Оңтүстік", "TURKISTAN") нысандарды пайдалануға беруді кешіктіруге әкеп соққан, АЭА-да құрылыс жұмыстарын уақтылы және тиісінше орындамауға жол берген АЭА қатысушыларымен шарттарды бұзу бойынша тапсырма орындалды, сондай-ақ қосымша келісімдер жасалды және АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарда көрсетілген нысандарды жобалау және пайдалануға беру мерзімдері қайта қаралды.
Осы кезеңде келісімдерді дайындау бойынша жұмысты жалғастырып жатқан "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА басқарушы компаниясы" АҚ-ны қоспағанда, АЭА-ның барлық басқарушы компаниялары АЭА қатысушыларының білікті кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭА қатысушылары жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру үшін мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша дуальді оқыту шеңберінде білім беру және оқу орындарымен ынтымақтастығына арналған жағдайларды қамтамасыз етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также