ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2019 | 13:26
АЭХА бас директоры Юкия Амано қайтыс болды
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бас директоры Юкия Амано 74 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бас директоры Юкия Амано 74 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хатшылығы Бас директор Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Амано 2009 жылдан АЭХА басшылығына келген, оған дейін Жапонияның Агенттіктегі елшісі және тұрақты өкілі болды. Дипломат сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) қызмет етті, 1972 жылдан бастап Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызмет атқарды.
Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау тақырыбына маманданған.
Показать комментарии
Читайте также