АЭС құрылысы: Қазақстанда қоғамдық талқылау өтеді

Дина Шарипханова Корреспондент
АЭС құрылысы: Қазақстанда қоғамдық талқылау өтеді Фото:elements.envato.com

2023 жылы Атом электр станциясын (АЭС) салу аумағын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылы Атом электр станциясын (АЭС) салу аумағын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігінің басшысы 2022 жылы тексерілген реактор технологиясын жеткізушілер тізімі жасалғанын еске салды – Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF).

"Биыл реактор технологиясын таңдау жұмыстары жүргізіледі. Атом электр станциясын орналастыру үшін оңтайлы орын ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС орналасатын аумақты таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады", - деді Ақшолақов ведомствоның алқа отырысында.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама