09 сәуір 2019 | 10:05

АЭС салу Ресейдің қалауы ғана - Бозымбаев

© Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында айтты.

Реклама
Реклама

"Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны - ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады", - деді министр сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) 8 Апр 2019 в 7:43 PDT

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында АЭС құрылысына арналған жердің анықталғаны жайлы хабарланған болатын. "Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз", - деген еді Сенаттың қулуарында энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная