ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2023 | 09:38
Ағаштарды заңсыз кесу, қару-жарақ: "Ертіс орманында" ауқымды операция жүргізілді
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау дерегін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасп.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен "Ертіс орманы" резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.
"Полиция қызметкерлері "Ертіс орманы" РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.
Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге "Ертіс орманы" РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также