"Ағасы ұрып-соққан". Өскеменде маугли қыздар табылды
Өскемендегі саяжай кооперативтерінің бірінде адам шошырлық жағдай орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news сайтына сілтеме жасап.
Өскемендегі саяжай кооперативтерінің бірінде адам шошырлық жағдай орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news сайтына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Расул Абаев ата-анасымен бірге арақ ішіп, бірнеше рет түрмеге түсіп шыққан Даниил (кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген) туралы айтты.
Данил отбасының үлкені, ол ішімдікке құмар ата-анасымен бірге саяжай кооперативі шетіндегі шағын үйде тұрады.
Абаев жақында осы отбасыдан кішкентай екі қызды, яғни Даниилдің қарындастарын алып кеткен. Себебі, Даниил араққа тойып алған күндерінің бірінде үш және жеті жастағы қарындастарын аяусыз соққыға жыққан. Қатты соққы жеген қыздар түрлі гематома, бас сүйегінің сынуы секілді жарақаттар алған. Дәл сол сәтте инспектор Расул Абаев келмесе оқиғаның арты қайғыға ұласар еді.
"Жұмыста жүрген күндерімнің бірінде тексеру жүргізіп осы отбасына келдім. Үйге кіремін. Айнала лас, барлығы жан-жаққа шашылып жатыр. Аяқ басатын жер жоқ. Үйде ешкім жоқ, тыныш. Айналама қарап ешкім көрінбеген соң бұрыштағы көрпені ашып қарадым. Көрпені ашқандағы жағдайды сөзбен айтып жеткізу қиын. Себебі, қатты соққы жеген, көздері үрейге толы қыздар бір-бірін құшақтап бүрісіп жатыр екен. Мен біреуін қолыма көтеріп, біреуін қолынан жетектеп үйден сыртқа қарай шықтым. Даниил пышақпен артымнан жүгіріп қуды, себебі мас, есін білмейтін еді", – дейді аға лейтенант.
"Ішімдік ішпеген Даниил мен мас Даниил екі түрлі. Ішпесе байсалды, ұялшақ, сабырлы. Ал мас болған кезде айналасына тыныштық бермейтін беймаз", - деп толықтырды инспектор.
Инспектор қыздардың үлкені өзіне сенбейтінін айтады.
"Ол әлі күнге менің құтқарғанымды түсінбейді. Себебі, ол үшін мұндай өмір қалыпты, өйткені басқаны көрмеген. Отбасын сағынады, қайтып оралғысы келеді. Мені көрсе шошып жылайды", - дейді Абаев.
Инспектор мен басылым тілшісі барғанда Даниил мен әкесі үйде болды. Анасы жұмыста екен.
"Иә, істегеніме өкінемін. Қарындастарымды көргім келеді, алып кетіп бірге тұрғым келеді. Ата-анаммен жақсы қарым-қатынастамын. Қазір жұмыс істеп жатырмын", - деп жауап берді жас жігіт.
"Учаскелік инспектордың айтуынша, Даниил Қазақстанның тәуелсіздігіне орай берілген рақымшылықпен бостандыққа шыққан", - деп күрсінді Расул Абаев.
Қақпадан шыға берісте инспектор бүгінгі үй қыздарды алып кеткен күннен әлдеқайда жақсы екенін айтты. Үй иелері инспекторлардың келетініне дайындалып, тәртіп орнатуға тырысып, айналасын жинастырған көрінеді.
"Қыздардың кішісі үш жаста, әлі сөйлей алмайды, тамақты өздігінен жеуді де білмейді. Қыздар маугли сияқты", - деп қосты Расул Абаев.
Балаларды отбасында ешкім тәрбиелеп, ешнәрсе үйретпеген. Наурызда ата-ана құқығынан айыру бойынша сот процесі өтіп, қыздардың тағдыры шешіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!