Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазынадан" кетуіне қатысты пікір білдірді

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығынан кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығынан кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі Ахметжан Есімов Елбасына 30 жылдан аса уақыт ішінде көрсеткен сенімі үшін ерекше алғыс білдіргенін хабарлады.

"90-шы жылдардан бастап Үкіметте бірге жұмыс істеген еліміздің қазіргі Президентіне үлкен табыс тіледі.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Қор ұжымына үш жылдан аса бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, қызметінен кететінін айтты",-делінген қордың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Есімов Қор басшылығы кезінде Үкіметке дивидендтер 10 есе артқанын хабарлады. Сондай-ақ, ол Ұлттық қорға тартылған 554 миллиард теңге қарыз мерзімінен бұрын қайтарылғанын айтты.

"Қордың таза активтерінің құны 39 пайызға өсті. Сатып алудың жаңа моделі қорға 410 миллиард теңге қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді. Модельдің өзі жақында парламент қабылдаған сатып алу туралы жаңа заңға негіз болды",-деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, "Самұрық-Қазынаның" жаңа басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын 2017 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы және Алматы әкімі болып қызмет атқарған. 2001 жылғы мамырдан 2006 жылғы қаңтарға дейін ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып жұмыс істеді.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 2008 жылы Президент Жарлығымен құрылған. Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Үкіметі.

Қор коммерциялық құрылым - инвестициялық холдинг. Оның миссиясы - Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная