22 шілде 2019 | 18:41

Ахметжан Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

© primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

2000 жылы "экономист" мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы "заңгер" мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманы ретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген.

2012–2016 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы қараша аралығында ҚР БҒМ  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная