03 сәуір 2023 | 12:13

Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымында қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Реклама
Реклама

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.

1993-1996 жж. - Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.

1996-1997 жж. - Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1997-1998 жж. - Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жж. - Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.

2001-2003 жж. - Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2003-2006 жж. - Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жж. - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012-2014 жж. - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жж. - Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016-2021 жж. - ҚР Бас Прокурорының орынбасары.

2021 -2022 жж. - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.

2022 жылдың 25 ақпаннан бастап - ҚР Ішкі істер министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная