Аян Мейірбаев кепілақымен босатылды

Аян Мейірбаев. © ВКонтакте

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаев кепілақымен босап шықты. Бұл туралы Астана прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісіне берген ресми жауабында айтылады.

"ҚР ІІМ тергеу департаменті, нақтырақ айтқанда тергеу тобының жетекшісі Дүмшебаев А. Мейірбаевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын алып тастады. Қазіргі уақытта Мейірбаев А. қылмыстық іс бойынша күдікті", - деп хабарлады Астана прокурорының орынбасары Байшолақов.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратурадағылар қылмыстық істің өзге мән-жайының тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеп отыр. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін күдіктілер Андрей Тихоненконың, Виталий Шерстеневтің және Нұрбек Әжімбайдың қамаудағы мерзімінің ұзарғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама