ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2023 | 17:24
Аида Балаева хиджаб, никабқа қатысты сұраққа жауап берді
Қазақстанда кейбір діни киімдерді киюге шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда кейбір діни киімдерді киюге шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр журналистің "никаб, хиджаб пен қысқа шалбарға тыйым салына ма?" деген сұрағына жауап берді.
"Бұл нормаларды біз міндетті түрде зерттеп, ұсынатын боламыз. Ең болмағанда қоғамдық орындарға қатысты. Бүкіл әлемде мұндай тәжірибені байқап жүрмін. Өйткені бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қоғамдық орындарда беті жабылған адамдарды тану (адамның жеке басын анықтау - еск.) өте қиын. Бұл қоғаммен бірге зерттелетін болады. Ал біз уәкілетті орган ретінде осы бағытта заңнамалық нормаларды қатаң етуге жұмыс істейміз", - деді Аида Балаева ОКҚ брифингінде.
Ол заңға өзгерістер енгізу немесе жаңа заң жобасын әзірлеу біраз уақытты қажет ететінін айтты. Алдымен жұмыс тобы құрылып, түзетулер тұжырымдамасы талқыланады, кейін заң Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының реестріне енгізіледі, содан кейін ғана Мәжіліс пен Сенатқа жіберіледі.
"Осы жерде депутаттық бастама болғанын ескере отырып, бұл мәселені алдағы уақытта депутаттық корпуспен бірге қарастырамыз деп ойлаймын", - деді Балаева.
Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да мектепте хиджаб кию мәселесін көтерген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также