Айдын Айымбетов пен Александр Винокуров "Қазақстан аруын" таңдайды

© Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан аруы-2015" сұлулық байқауының ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасында кімдердің болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділ қазылар алқасының құрамында - ғарышкер Айдын Айымбетов, велошабандоз, олимпиада чемпионы Александр Винокуров, "Астана жастары" басшысы Әнуар Нұрпейісов, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, қоғам қайраткері Аружан Саин, актриса Әсел Сағатова, "Астана" ФК бас менеджері Қайсар Бекенов, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Ривлина-Қырбасова бар.

2014 жылдан бері әділ қазылар алқасы Қазақстанның ең көрікті үш қызын таңдайды. Ал гранд-финалда көрермендер sms-дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды. "Қазақстан аруы-2015" ұлттық байқауы 10 желтоқсанда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Реклама
Реклама

Биыл байқауға әр өңірден 30 ару қатысады, олардың бесеуі мектеп оқушысы. "Қазақстан аруы-2015" байқауының жүлде қоры - 5 миллион теңге.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама