Айдың соңында ауа райы қандай болады?

© Владимир Дмитриев

Синоптиктер 2016 жылды? 29-31 ?азаны, жексенбі к?ндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2016 жылдың 29-31 қазаны, жексенбі күндеріне ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның қазандағы ауа райын анықтайтын солтүстік ауа ағымы, оңтүстік-батысқа қарай ақырындап ауысады. "Сондықтан жақын арадағы үш тәулік ішінде республикада ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын, оңтүстігінде - кей жерге жаңбыр жаууы ықтимал", - делінген хабарламада.

Бірақ ауа температурасы бұл ретте көпжылдық орташа мәннен жоғары және соған жуық болады, шеткі оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама