ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 ақпан 2014 20:12
Әйелдер істері жөніндегі комиссия басшысы ауысты
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы ауысты деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен "Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.Осы кезге дейін бұл қызметті ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова атқарып келген болатын. Ұлттық комиссия орындайтын міндеттер жөнінде мына жерден оқып танысуға болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу