Айгүл Мүкей 10 жылдан кейін "Хабар" арнасына оралады

Камила Долаева Журналист
© instagram.com/aigulmuke

Тележүргізуші Айгүл Мүкей "Хабар" телеарнасына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол "Давайте говорить" ток-шоуын жүргізеді. 

Бағдарлама күрделі әлеуметтік жағдайларды қозғайды. Оны жобаға "Хабар" агенттігінің басшысы Алан Ажібаев шақырды. 

"Осындай алаңның бары ұнайды, себебі азаматша ретінде көкейімде сұрақтар жиналып қалды. Бағдарламаны шынайы және қызық етіп жүргізуге тырысамын. Жоба барысында мектепте сабақ беру, аналық капитал, әлеуметтік төлемдер жайлы сөз қозғалады. Мұның бәрі ана ретінде өзіме қызық", - дейді тележүргізуші. 

Реклама
Реклама

Ток-шоу 3 қыркүйектен бастап аптасына төрт рет шығады. Мүкейдің айтуынша, ол телеарнаға 10 жылдан кейін оралып отыр. Мұның алдында "Хабар" агенттігінде жаңалық жүргізушісі болып жұмыс істеген еді. 

"Қазір декреттемін. Бірақ үйде отырайын деп жатқан жоқпын, бала күтушім бар. Барлығын бірге алып жүруге тырысамын. Белсенді болғым келеді", - дейді ол. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама