Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болып тағайындалды

Айг?л ??спан ?аза?станны? Бельгияда?ы елшісі болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ, Президенттің Алмас Хамзаевты Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатқаны айтылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама