Айлығымыз вице-министрдікіне де жетпейді - мәжілісмен

© Тұрар Қазанғапов

М?жіліс депутаты Азат Перуашев халы? ?алаулыларыны? е?бека?ысыны? к?терілуіне ?атысты ?з ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев халық қалаулыларының еңбекақысының көтерілуіне қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"(...) Бұл еңбекақыны депутаттар бекіткен жоқ. Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін үкімет бекітеді. Бұл мәжілісмендерге ғана қатысты емес. Оның үстіне мәжілісмендердің еңбекақысы комитет төрағаларының деңгейінде, яғни, министрлердің айлағын алмаймыз, тіпті вице-министрлердің айлығына да жетпейді", - дейді Азат Перуашев. 

Парламент мүшесі өзінің қанша алатынын айтпады. Бірақ еңбекақы көлемі мұның алдында БАҚ бетінде жарияланғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Мен бұл жерде ыржалақтап, қуанбас едім", - дейді депутат. 

Еске салайық, мұның алдында БАҚ-та халық қалаулыларының еңбекақысы көтерілетіні туралы хабарланған. ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко еңбекақының неге өсірілгенін айтып берген еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама