16 қаңтар 2023 | 12:16

AIX басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Әсел Мұқажанова AIX басқармасы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әсел Мұқажанова AIX басқармасы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Astana International Exchange 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап Әсел Мұқажанованың AIX басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалғанын қуана хабарлайды", - делінген хабарламада.

Астана халықаралық қаржы орталығының ресми сайтының мәліметінше, Әсел Мұқажанова AIX биржасында 2017 жылдан бастап эмитенттермен байланыс жөніндегі менеджер, ал 2022 жылғы қазан айынан бастап AIX-те нарықтарды және өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді. Қазіргі тағайындауға дейін бөлшек сауда инвесторлары қорын дамыту, тау-кен секторы, эмитенттермен жұмыс, "Белдеу және жол" сегменті, сондай-ақ жаңа өнімдерді дамыту бағыттарына жетекшілік етті.

Реклама
Реклама

Қазақ басқару академиясын бітіріп, Лондон және Гарвард бизнес-мектептерінде басшыларға арналған дәрістен өткен ол еңбек жолын "Тұран" банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастаған. Қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная