02 маусым 2024 | 12:17

"Әже, мен Президентті көрдім": ақтөбелік оқушының оқиғасы жалғасын тапты

Ақорда баспасөз қызметі

Желіде желтоқсан айында ақтөбелік Шәмші Бақытжановтың әжесіне Президентпен кездескені жайлы айтып берген әсерлі видеосы тарап кеткен болатын. Енді оның тағы бір арманы орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде желтоқсан айында ақтөбелік Шәмші Бақытжановтың әжесіне Президентпен кездескені жайлы айтып берген әсерлі видеосы тарап кеткен болатын. Енді оның тағы бір арманы орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әже, мен Президентті көрдім", - деген сөз Қазнетте тарап, қазақстандықтарды тәнті етті. Өткен жылдың желтоқсанында тарап кеткен видеода оқушы көзіне жас алып, әжесімен күтпеген оқиғамен бөліседі. Бұл кезде оның мектебіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келген еді, бұл Шәмші үшін үлкен тосын сый болды.

"Президент біздің мектепке келді, мен онымен кездесемін деп ойламадым. Бұл жайлы маған аяқ асты айтты, мен бұл әзіл деп ойладым. Бірақ бәрі расталғанда, мен шошып кеттім. Бұл Президент қой, онымен көп адам кездесе алмайды. Содан кейін маған Ақорданы суретке салу идеясы келді, біз оны балалармен бірге Президентке сыйладық. Біз Ақордаға барып, Президенттің қай жерде және қалай жұмыс істейтінін көргіміз келеді", - деп бөлісті бала.

Реклама
Реклама

Кеше оның арманы орындалды. 10-сынып оқушысы басқа оқушылармен бірге 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Ақорда" резиденциясына экскурсияға барды.

"Біз Президент қай жерде және қалай жұмыс істейтінін қатты көргіміз келді", - деді ақтөбелік оқушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная