ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 наурыз 2022 16:26
Ақберен Елгезек жаңа облысқа әкім болғаны туралы ақпаратқа жауап берді
Желіде Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек Абай облысының әкімі болды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Ақберен Елгезектің өзі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Телефоныма тыным болмай кетті. Бәріне жауап беру мүмкін емес. Ағайын, бұл - фейк ақпарат. Баршаңыздың тілектеріңізден айналдым! Біз - жазушы адамбыз. Саясатпен саясаткерлер айналыссын. Біздің мұрат - мәңгілік құндылықтар руханиятқа, әдебиетке қолдан келгенше қалтқысыз қызмет ету", - деп жазды Ақберен Елгезек Facebook-парақшасында.
Бұған дейін Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпарат жалған екені айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу