ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2017 | 13:33
Әке жолымен. Қазақстандық саясаткерлердің мемлекеттік қызметте лауазымға жеткен балалары
Жақында бұрынғы сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы Мүслімнің ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды. Tengrinews.kz әке жолын қуған қазақстандық шенеунік пен саясаткерлердің балаларының тізімін жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жақында бұрынғы сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы Мүслімнің ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды. Tengrinews.kz әке жолын қуған қазақстандық шенеунік пен саясаткерлердің балаларының тізімін жасады.
ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев - бұрынғы сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.
Жақында Қазақстанның халық қаһарманы Мұхтар Қапашұлы - әскери ұшқыш, екі рет Қазақстанның қорғаныс министрі болғанын айта кетейік.
Мүслім Алтынбаев (сурет: lada.kz)
Ашық мәлімет көздеріндегі ақпарат бойынша, генерал-майор Мүслім Алтынбаев 1966 жылы дүниеге келген. "Кадрлық әскери" деуге келетін адам. 1987 жылы Ставраполь жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар мен штурмандар училещесін "жауынгерлік басқарушы штурман" мамандығы бойынша тәмамдаған. КСРО мен ҚР-дің Әскери әуе күштерінде бірқатар офицерлік қызметтен кейін Мүслім Алтынбаев 1998 жылы РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясына түсіп, оқуын сәтті аяқтады.
1998-2006 жылдар аралығында Мүслім Алтынбаев Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінде әскери атташе болды. 2006-2007 жылдар аралығы ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб басшыларының комитетінде төраға қызметін атқарды. Кейін министрліктің бас әскери инспекциясының басшысы болып тағайындалды. 2010-2013 жылдары ҚР ӘК "Астана" аймақтық басшылығы әскерінің қолбасшысы, кейін Қорғаныс күштері Бас штабы басшысының орынбасары, ал 2016 жылдан бері Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің басшысы болып келді.
Алматының Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин - Қостанай облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагиннің ұлы.
Павел Кулагин 1986 жылы туған. Павел Сергеевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 2004 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
Сурет: Facebook/Павел Кулагин
Мемлекеттік қызметке Павел Кулагин 2008 жылдан бастап келді. Алдымен Қостанай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы болып бастады. Әр жылдары Астана әкімі апппараты ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің инспекторы, кеңесшісі және меңгерушісі болып істеді.
2010 жылдан 2016 жылға дейін "Есіл" ауданы әкімінің орынбасары, "Сарыарқа" және "Алматы" аудандарының әкімі қызметінде болды. Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі орнында болды.
2013 жылы Павел Кулагин "Алматы" ауданының әкімі болғанда жасы небәрі жиырма алтыда еді. Алайда кейін "А" корпусына іріктеуден өте алмағандықтан орнынан айырылған болатын.
2016 жылы Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. Ал жақында Алматының Түрксіб ауданы әкімі қызметіне ауысты.
Астананың "Сарыарқа" ауданы әкімі болып тұрғанда Павел Кулагин әкесінің тәжірибесі жұмысына үлкен көмек болғанын айтқан.
"Менің кеңесшім бар, мұндай кеңесшінің барына көпшілік қызығатын да болар. Кеңес үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстанның аяқтан тұрған уақытында еңбек еткен, тәжірибесі мол адамнан ұсыныстар да айтылады. Бір айтарым оның тәжірибесі, әкеме қарап, оның тәрбиесі арқылы менің қазіргі саясатым қандай болатынын шешіп отыр, мен Елбасы мен Астана әкімінің саясатын жүргізіп отырмын", - деп атап өткен еді Павел Кулагин.
Италия Республикасы, Мальта Республикасы, Сан-Марино Республикасындағы ҚР-дің Төтенше және Өкілетті елшісі Сергей Нұртаев - ҰҚК-ның бұрынғы басшысы және экс-сенатор Нұртай Әбіқаевтың ұлы.
Сергей Нұртаев 1974 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, РФ президенті жанындағы Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясында "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша білім алған.
Сурет: mfa.gov.kz
Сергей Нұртаевтың І санаттағы кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Әр жылдары түрлі мемлекеттерде дипломатиялық өкілдіктерде қызмет атқарды: Ұлыбритания, Ресей, Грекия, Италия. 2010 жылы ҚР Президентінен алғысқа ие болған.
Сержан Әбдікәрімов Чех Республикасы мен Словакия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі - ҚР Парламентінің бұрынғы депутаты Оралбай Әбдікәрімовтің ұлы.
Сержан Әбдікәрімов 1976 жылы туған. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін аяқтады, ал 2002 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.
Сурет: diplomatnoviny.cz
Әр жылдары Сержан Әбдікәрімов ҚР Сыртқы істер министрлігінде және Аустрия, Ұлыбритания мен Болгариядағы еліміздің дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі қызметте болды.
2009 жылдан бастап Сержан Әбдікәрімов ҚР Сыртқы істер министрлігі ОБСЕ департаменті директорының ерекше тапсырмалары бойынша елшісі қызметін атқарды. Кейін ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптама және жоспарлау комитетінің төрағасы болды.
2015 жылдан бері Чех Республикасы және Словакия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.
Показать комментарии
Читайте также