11 ақпан 2021 | 18:43

Әкесі ұлын 30 жылдан соң газеттегі мақала арқасында тауып алды

Фото:diapazon.kz

Қазақстандық тұрғын ұлы Жолдасты 30 жылдан аса уақыт іздеген, анасы баласының тегін кішкентай кезінде өзгертіп тастаған. Туыстары "Күт мені" бағдарламасына жүгініп, балалар үйінен де іздеген, бірақ нәтиже болмаған. Қазақстандық газеттің үзіндісі арқасында отбасы қайта қауышты, - деп хабарлайды diapazon.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық тұрғын ұлы Жолдасты 30 жылдан аса уақыт іздеген, анасы баласының тегін кішкентай кезінде өзгертіп тастаған. Туыстары "Күт мені" бағдарламасына жүгініп, балалар үйінен де іздеген, бірақ нәтиже болмаған. Қазақстандық газеттің үзіндісі арқасында отбасы қайта қауышты, - деп хабарлайды diapazon.kz.

Портал мәліметінше, ақтөбелік ерікті Жолдас Белокосов Тамды балалар үйінде өсіп, кейін Жайсаңда тәрбиеленген. Ол бір жасқа толғанда, отбасы ажырасып, анасы Жолдасты алып кетіп, тегін өзгертіп тастаған.

"Анамды бірнеше жыл көрмедім. Әкем қайтыс болды деді. Туыстарымды іздеуге тырыспадым. Олар мені керек қылмаса, масыл болмайын дедім. Неге екенін білмеймін, соңғы жылдары атамды көргім келді", - дейді Жолдас.  

Реклама
Реклама

Әкесінің туыстары Жолдасты соңғы рет 90-жылдары көрген. Олар Жолдасты 30 жылдан аса уақыт іздеген болып шықты. Жуырда әкесі кездейсоқ былтыр қарашада шыққан "Диапазон" газетінің мақаласын тауып алған.

"Жолдастың әкесі көшеден бір газет тауып алған, ол сондай адам, үнемі үнемі оқып жүреді. Онда "Жолдас Белокосов пен Евгений Лазарчук" деп жазылып тұрған. Ол тексеруді сұрады. Біз Интернеттен іздей бастадық, сөйтіп Евгений Лазарчуктің нөмірін таптық. Оған хабарласып, Жолдас туралы сұрадық, әкесінің есімі келіп тұр.

Әкеміз әрдайым оны көргісі келетін, оны табуымызды сұрайтын. Мен барлық балалар үйін қарап шықтым. Он жыл бойы Жайсаңдағы колледжге барып, тексердім, жіті қарап жүрдім. Бірақ біз өз тегімізбен - Әбдңрахманов деп іздедік. Анасы оны шетелге, Ресейге алып кетті деп ойладық. "Күт мені" бағдарламасына бардым, ол жақтан ешқандай хабар болған жоқ", - дейді Жолдастың әпкесі Балзипа Әбдірахманова. 

Әкесі мен ұлының кездесуі өте әсерлі болды. Жолдас бұл күтпеген оқиға екенін айтты. 


Фото diapazon.kz сайтынан

"Мен ешкімге керек емес, қызық емеспін деп ойладым. Отбасым үлкен екеніне әлі үйренбедім. Жақында ғана кішкентай кезімнен бірде-бір сурет жоқ екенін айтып едім. Сол кезде әпкем алты айлығымда түскен суретімді жіберді. Әкем тірі екеніне қуаныштымын. Тағдыр осылай болғанына өкінбеймін. Еңсем түскен жоқ, тек позитив көңіл-күйде болатынмын", - дейді Жолдас.

Енді Жолдастың үлкен отбасы, көптеген туысы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная