Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен мектеп оқушысы жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына түсті. Салдарынан бір адам қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына түсті. Салдарынан бір адам қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты 1 қарашада сағат 21:30-да "Тараз-Айша бибі" автожолының 1-шақырымында болған.

15 жастағы жасөспірім Айша бибі ауылынан Тараз қаласы бағытына келе жатып, көлікті басқара алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Реклама
Реклама

Жүргізушіден басқа көлікте тағы үш жасөспірім болған.

"Жол апаты салдарынан 14 жастағы жолаушы оқиға орнында алған дене жарақатынан қаза болды. Жүргізуші және әртүрлі дене жарақатын алған екі жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Бірқатар қажет сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-ана рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама