17 қыркүйек 2024 | 08:30

Әкесінің көлігін ұрлаған: Жамбыл облысында 4 бала жантүршігерлік апатқа түсті

Фото: КТК

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бозбалалардың бірі әкесіне тиесілі "Тойота" көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. "Тараз - Жаңатас" бағытында асқан жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Реклама
Реклама

Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ. Ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

"2007, 2008 жылғы балалар. Басы жараланған. Жағдайы ауыр. Кома, ,екінші дәрежеде. Қазір біздің аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бақылауда", - дейді Сарысу ауданы орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Кәлікова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная