Әкімдік өкілдері 28 панфиловшылар саябағында cаудагерлердің жанжалы түсірілген видеоға пікір білдірді

Видеодан алынған кадр

28 гвардияшыл-панфиловшылар саяба?ында бей-берекетсіз сауданы то?тату ма?сатында іс-шаралар ?ткізілді. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?кімдікті? баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бей-берекетсіз сауданы тоқтату мақсатында іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде саудагерлер мен полицейлердің жанжалы түсірілген видео жарияланған еді. Видеода ер адамдар мен әйел адамдардың айғайласып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде әкімдік өкілдері 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бей-берекетсіз сауданы тоқтатқандарын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, заңсыз орнатылған батуттар мен балалар әткеншектерінің анықталғаны айтылады.

Рейд кеше, 4 шілдеде шамамен сағат 12.00-де болған.

"Сондай-ақ, заңға қайшы келген аппараттар - жүгері дайындайтын аппараттар мен батуттар тәркіленіп, аудандық әкімдіктің уақытша сақтау қоймасына өткізілген", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама