Әкімдіктегілер астаналықтарды ет алу кезінде сақ болуға шақырды

© astana.gov.kz

Астана қаласының ауыл шаруашылық басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Қауіпсіздік мақсатында рұқсат етілмеген жерлерден ет, сүт өнімдерін сатып алмауға кеңес береміз. Сауда нысандарында мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде оның денсаулық үшін зиянсыз екендігіне көз жеткізу керек. Сатып алушылар ветеринарлық сертификат пен зертханалық сынақтардың қорытындысын көрсетуге міндетті", - делінген хабарламада. 

Ет алған кезде сатушылардан малға қажетті вакциналардың жасалғандығы көрсетілетін ветеринарлық төлқұжатты немесе ветеринарлық анықтаманы талап ету керек екені де айтылып отыр.

Реклама
Реклама

"Ветеринарлық дәрігерлер малды соймас бұрын оны алдымен тексереді, содан кейін зертханалық сараптаманың нәтижелері жазылған ветеринарлық анықтама береді. Малды ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, тек рұқсат етілген жерлерде ғана сою керек. Қазіргі кезде Астанада мал союға арналған үш орын бар", - деп ескертті басқармадағылар. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама