31 мамыр 2022 | 12:05

Ақжарқын Тұрлыбай ісі: күдікті нигериялық әлі халықаралық іздеуде жүр

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық әлі халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық әлі халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Нигерия азаматы A.N.F. қатысты есірткі заттарын өткізу дерегі бойынша қылмыстық іспен Алматы қаласы полиция департаменті айналысып жатыр. Күдіктінің халықаралық іздеуде болуына байланысты соталды тергеу амалдары тоқтатылды", - деді Қойгелдиев.

Бұған дейін Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны белгілі болған еді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданған. 

Бойжеткен есірткі туралы білмегенін алға тартады. Нигериялық есірткі тасымалының ұйымдастырушысы әлі ұсталған жоқ. 

2015 жылы маусымда Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная