05 қаңтар 2020 | 13:52

Әкім Бақауовтың портретін сату заңды ма?

Tengrinews.kz коллажы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционда сатылуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционда сатылуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Редакцияның ресми сауалхатына берген жауабында ведомство өкілдері қайырымдылық бал зағип жандар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнын қолдау мақсатында Павлодар әкімдігі ұйымдастырғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуге негіз жоқ", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері. 

Бақауовтың портреті неден жасалғаны белгілі болды

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аукциондардың бірінің жеңімпазы мәслихат депутаты, "АЗА" ЖШС директоры Акопян мәслихат депутаты ретінде өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырмайтынын айтты. 

"Қайырымдылық туралы" заңына сәйкес қайырымдылық - қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет. Сондай-ақ, Жергілікті атқарушы органдардың қайырымдылық жасаушылар қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіруге құқығы бар. Кіші отанды қолдау - патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет.

Қайырымдылықты жүзеге асыратын қайырымдылық салық заңдарында көзделген салық жеңілдіктерін пайдаланады. Қайырымдылық субъектілерінің және пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді. Сотқа дейінгі тергеудің басталуына себеп жоқ", - деп нақтылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде. 

Ресми мәлімет бойынша, әкімнің қайырымдылық балында 52,2 миллион теңге түскен. Түскен табыстың барлығы "Қазақстан зағиптар қауымдастығы" қоғамдық қорының павлодарлық филиалына берілген. Филиал төрағасы Дүйсембек Қабдолдың айтуынша, қаражат ескі ғимаратты жөндеуге және зағиптарға қажетті тифлоқұрылғыларды сатып алуға жұмсалады екен. 

Осыған дейін, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қайырымдылық аукционында сатылғаны хабарланды. Аукционнанда түсірілген сурет желіде жарияланды. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері - белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот - әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда-бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.

Кейінірек желіде тағы бір видео тарады, онда жүргізуші портретті сатып алушыға беріп жатқаны түсірілген. Видеодағы адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопянға ұқсайды. Тілшімен сөйлесу кезінде депутат сатып алу дерегін растады және портретті ол 31 миллион теңгеге алғанын айтты. 

Сондай-ақ, ол Павлодар облысында жол жөндеу компаниясының директоры екенін растады. 

"Біз 28 жыл бойы нарықта жүрміз. Картинаны музейге сыйлағым келеді. Павлодарда жаңа музей ашылады", - деді ол. 

Аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукционның осы іс-шара аясында ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 31 миллион теңгеге әкімнің портретін сату туралы ақпаратты әзіл екенін айтты. 

"Бұл сурет үшін, менің ойымша, 700 мың теңге. Бұл әзіл шығар", - деп мәлімдеді ол портреттің кімге сатылғанын білмейтінін айтып.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная