Әкім Қасымбек астаналықтардың бір бөлігін үйден шықпауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ орнады. Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр.

Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді", - делінген хабарламада.

Аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама